Accessibility links

АҚШ шекарадан заңсыз өткен мигранттарға пана бермейді


АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп қарашаның 8-інде мигранттарға пана беру ережесіне өзгеріс енгізіп, Мексика шекарасынан заңсыз өткен босқындарға пана беруге тыйым салды.

Трамптың мигранттарға қатысты саясатын сынаушылар "президенттің бұл әрекеті Америкаға қалай кірсе де, өз еліндегі қудалау мен зорлықтан қашқан әрбір азаматқа пана беріледі" деп жазылған АҚШ конститутциясына қайшы" дейді.

Алайда Ақ үй "ұлттық қауіпсіздік мақсатында қабылданған шешім болса, Трамп иммиграцияға шектеу қоюға құқылы" екенін айтады. Президент әкімшілі "АҚШ-та босқындарға пана берудің қазіргі тәртібі заңсыз миграцияны күшейткен" дейді.

Бұл ереже Орталық Америка елдерінің – Гватемала, Гондурас, Сальвадор азаматтарына әсер етпек.

АҚШ-тан пана сұрауға бара жатқан мигранттар көші.
АҚШ-тан пана сұрауға бара жатқан мигранттар көші.

Қазанның ортасында Гондурастан басталып, бірнеше кедей елдің жеті мыңға жуық азаматы қосылған мигранттар көші кедейліктен қашып, жақсы өмірге үміт етіп, АҚШ-тан пана сұрауға жолға шыққан.

Президент Трамп оларға "шекарадан өтсеңдер қарумен күтіп аламын, түрмеге жабамын" деген. Мигранттар Мексикаға кіріп, АҚШ шекарасына таяғанда Трамп шекарадағы әскерді күшейтті. Ол көш арасында Таяу Шығыс азаматтары болуы мүмкін деп қауіптенеді.

Гуманитарлық ұйымдардың дерегінше, босып бара жатқан әрбір төртінші мигрант – бала. Көш ішінде кісі өлімі бойынша әлемде көш бастап тұрған Гондурас азаматтарының үлесі басым.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 14.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:40 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG