Accessibility links

Мәскеу Австрия билігінің тыңшылыққа қатысты мәлімдемесін айыптады


Ресейдің сыртқы істер министрлігінің Мәскеудегі ғимараты.
Ресейдің сыртқы істер министрлігінің Мәскеудегі ғимараты.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Австрия билігінің "отставкадағы полковник Ресей тыңшысы болды" деген мәлімдемесін айыптады. Ресей СІМ бұл екі ел арасындағы қарым-қатынасқа әсер ететінін айтты.

Ресейдегі Австрия елшісі жұма күні сыртқы істер министрлігіне шақыртылған. Министрлік Австрия билігінің айыптауын "жете түсіне алмай" отырғанын жеткізген.

9 қарашада Австрия әскерінің отставкадағы полковнигі "Ресей тыңшысы болды" деген күдікпен ұсталған. 70 жастағы австриялық отставкадағы полковниктің "1990 жылдары Ресей әскери барлау қызметіне миграциялық дағдарыс, Австрияның әскери авиациясы мен артиллерия жүйесі жайлы ақпарат жіберіп отырғаныны хабарланды. Полковник Австрия әскерінің штабында кішігірім қызмет атқарған және екі апта сайын ресейлік кураторымен кездесіп, тапсырма алып отырған.

Қарай отырыңыз: Австрияда ұсталған "Ресей тыңшысы" кім? (Орыс тілінде)

Австрия канцлері Себастьян Курц Ресейдің әрекетін өткір сынап, НАТО-ға мүше емес "бейтарап елге қарсы шпионаж жасауға болмайды" деп кесіп айтқан. Вена желтоқсан айына жоспарланған сыртқы істер министрінің Мәскеуге сапары болмайтынын айтты. Австрия тарабы егер полковниктің шпионаж жасағаны расталса, Ресей мен Австрия арасындағы қарым-қатынас күрт нашарлауы мүмкін деді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG