Accessibility links

"Медузаның" бас редакторы қызметінен кетті


Meduza.io сайтының логосы
Meduza.io сайтының логосы

Латвияда орналасқан орыстілді Meduzo.io сайтының бас редакторы Иван Колпаков қызметінен кетті. Бұған басылым қызметкерлерінің бірінің әйелі таққан айып себеп болған.

Қазан айында Колпаков “ерсі қылығы үшін” екі аптаға қызметінен шеттетілген еді.

Басылымның мерейтойын атап өту шарасында ол қызметкерлердің бірінің әйеліне келіп “сен бұл кештегі бопсалай алатын жалғыз әйелсің, бұл үшін маған ешкім ештеңе істей алмайды” деген. Бұдан соң кетіп қалған.

6 қарашада директорлар кеңесі бас редактордың әрекетін “өрескел” деп айыптап, алайда мұндай жағдай "бірінші рет болып отырғандықтан" қызметінен алмаған. Бұл шешімді басылым оқырмандары сынаған.

Оны "бопсалады" деп айыптаған әйелдің күйеуі жұмыстан шығып кеткен. Көп ұзамай Колпаков та өз еркімен отставкаға кету туралы шешім қабылдап, “бұл редакциядағы дағдарысты жоюдың және оның беделін сақтап қалудың жалғыз жолы” деп айтқан.

Оның міндетін қазір уақытша басылымның атқарушы директоры Татьяна Ершова атқарып жатыр.

"Медуза" сайты 2014 жылы қазан айында ашылған. Онда Lenta.ru сайтының бұрынғы журналистері істейді. Колпаков 2016 жылдың қаңтар айынан бері Медузаның бас редакторы болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG