Accessibility links

ЕО және АҚШ Украина шығысындағы сепаратистер сайлауын айыптады


Сайлау алдында ілініп тұрған баннер және жанынан өтіп бара жатқан тұрғын. Донецк, 7 қараша 2018 жыл
Сайлау алдында ілініп тұрған баннер және жанынан өтіп бара жатқан тұрғын. Донецк, 7 қараша 2018 жыл

Еуропа одағы 11 қарашаға белгіленген Украина шығысындағы өзін-өзі жариялап алған Донецк және Луганск "халық республикаларында" өтетін сайлауды заңсыз деп атап, оның нәтижелерін мойындамайтынын жеткізді. Сенбі күні жарияланған Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могеринидің мәлімдемесінде осылай деп айтылған.

Минск келісіміне сүйенген Могерини Ресей қолдайтын сепаратистер аймағында кез келген сайлау Украина заңы негізінде және ЕҚЫҰ стандарты бойынша өтуі тиіс деді .

Могерини тараптарды Минск келісімінің шарттарын орындауға шақырып, Ресейге сепаратистерге "ықпал етуге" кеңес берген.

Донбастағы сайлауға қатысты батыс елдері бір пікірде. Киевтегі АҚШ елшілігі сайлауды "фарс" деп атап, Донбасс тұрғындарын сайлауға қатыспауға шақырған.

11 қарашада өтеді деп отырған "сайлаудың" басты кандидаттары - сепаратистердің жетекшісі Денис Пушилин және Виктор Пасечник. Олар бұған дейін кафедегі жарылыс кезінде өлген Александр Захарченко мен отставкаға кеткен Виктор Плотницкийдің орнына келген.

Оқи отырыңыз: Захарченконың қазасынан кейінгі Донбасс

Донецк қаласының өзінде кейбір сепаратистер сайлаудың нашар ұйымдастырылғанын айтып, "Пушилин оппоненттері сайлаушылармен кездесе алмады" деп шағымданады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG