Accessibility links

Калифорниядағы өрттен кемінде 25 адам қаза тапқан


Калифорния штатындағы орман өрті. 8 қараша 2018 жыл
Калифорния штатындағы орман өрті. 8 қараша 2018 жыл

АҚШ-тың Калифорния штатындағы орман өртінен кемінде 25 адам қаза тапқан. Олардың сүйектері Парадайс қаласы маңынан табылған. Бұл қалада 26 мың адам тұрады. Бұған дейін қала тұрғындары басқа жаққа көшірілген еді.

Мамандар орман өрті көрші аудандарға жайылуы мүмкін дейді. Бұл маңға жақын Малибу курортында америкалық танымал азаматтар тұрады. Сол аумақта тұрып жатқан танымал жүргізуші Ким Кардашьян жиналып кетуге бір сағат уақыты болғанын айтқан.

Жалпы штаттың 16 жерінен өрт ошағы табылған. Америка билігі мұны Калифорния тарихындағы ең ірі өрттердің қатарына жатқызып отыр. Кейбір округтерде төтенше жағдай жарияланған. Шамамен 400 өрт сөндіруші өртті сөндіруге тырысып жатыр.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG