Accessibility links

Еуропа елдері басшылары: Қазіргі кезеңнің 1930 жылдармен ұқсастығы бар


Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 100 жыл толу шарасына жиналған әлем елдерінің басшылары. Париж, 11 қараша 2018 жыл.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 100 жыл толу шарасына жиналған әлем елдерінің басшылары. Париж, 11 қараша 2018 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель ұлтшылдық құбылысының қайта пайда болу қаупі барын ескертті. 11 қараша күні Парижде Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына жүз жыл толуына орай жиналған әлем елдері басшыларының форумында ол әскери қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге шақырды.

"Бірінші дүниежүзілік соғыс ұлтшыл озбырлық пен әскери менмендіктің неге әкеліп соқтыратынын көрсетті" деп мәлімдеді Ангела Меркель Парижде өткен шарада.

Германия канцлері Сириядағы қақтығысты саяси жолмен реттеуге және Йемендегі қантөгісті тоқтатуға шақырды. Оның сөзінше, бұл елдерде қазір ең ауыр гуманитарлық апат болып жатыр.

Оқи отырыңыз: Әлем жетекшілері тарихи күнді қалай атап өтті?

Форумда сөйлеген Франция президенті Эммануэль Макрон да ұлтшылдықтың таралуынан сақтануға шақырды. Ол 1930 жылдары Еуропада тараған ұлтшылдық Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына себеп болғанын айтты.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қазір әлемде болып жатқан жағдайлар мен 20-ғасырдың басы және 1930 жылдардағы ұқсастықты айтты. БҰҰ Бас хатшысы ойламаған жерден туындайтын оқыс оқиғалардан сақтану керегін ескертті.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG