Израиль армиясының 12 қарашаға қараған түні Газа секторының оңтүстігіне жасаған әуе рейдінен алты палестиналық пен бір израильдік сарбаз қаза тапты.
The Jerusalem Post басылымының хабарлауынша, оққа ұшқандар арасында ХАМАС исламшыл тобының жетекші командирлерінің бірі бар. Операция жайлы егжей-тегжейлі хабарланбады.
Палестиналықтар Израиль әскерилерінің операциясына жауап ретінде Израильге зымырандар атқан. Үш зымыранды Израильдің Iron Dome зымыран шабуылынан қорғаныс жүйесі қағып түсірген.
Газа секторымен шекарадағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Францияға сапарын доғарды. Ол Парижде Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты шараға қатысқан.
ПІКІРЛЕР