Accessibility links

Қызылорда облысында жүк вагондары рельстен шығып, үш пойыз бөгелді


Жүк пойызының вагондары (Көрнекі сурет).
Жүк пойызының вагондары (Көрнекі сурет).

"Қазақстан темір жолы" компаниясы Қызылорда облысында теміржолдың Қазалы мен Сексеуіл арасындағы бөлігінде жүк пойызы вагондары рельстен шығып кеткенін хабарлады. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Оқиға орнына вагондарды жолға қоятын пойыз жөнелтіліп, рельстен шығып кеткен пойыз 13 қараша күні таңғы сағат 5:51-де қайтадан жолға шыққан.

Компания жүк пойызын қайтадан жолға қою жұмыстарына байланысты Маңғыстау - Алматы, Ташкент - Самара және Астана - Қызылорда бағыттарында жүретін жолаушылар пойыздары бөгелгенін хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG