Accessibility links

Олжас Сүлейменов жиенінің қазасына байланысты сот үкімі шықты


Астананың Есіл аудандық №2 соты.
Астананың Есіл аудандық №2 соты.

Астанада ақын әрі жазушы Олжас Сүлейменовтің жиені, 26 жастағы Ескендір Сүлейменов қаза тапқан жол апатына қатысты іс бойынша сотта үкім оқылды.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Есіл аудандық №2 сотының судьясы Қанат Тобағалиұлы бұл іс бойынша 29 жастағы Малика Мұхитованы кісі қаза болған жол апатына айыпты деп танып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сот сонымен қатар сотталушыны бес жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.

Астанада Ескендір Сүлейменов қаза тапқан жол апаты 22 маусым күні кешке қала орталығында болған. Айыпты деп танылған Малика Мұхитова - Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитовтың қызы. Полиция жеңіл көлікті жүргізген 1989 жылы туған қыз Мәңгілік ел көшесімен келе жатып солға бұрылатын кезде Ескендір Сүлейменов мінген мотоциклмен соқтығысқанын айтады. Мотоциклші жарақат алып, қайтыс болған.

Бұдан соң полиция "Көлік құралын басқарған адамның жол ережесін бұзып, абайсызда адам өліміне соқтырған әрекеті" бабымен тергеу бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG