Accessibility links

Атырау облысында белгісіз адам шекарашыны жаралады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Атырау облысында белгісіз адам тексеру кезінде шекара қызметкерін жаралап, қолға түсті. Азаттыққа бұл ақпаратты ҰҚК шекара қызметінің баспасөз хатшысы Қанатбек Сұлтанов растап, тексеру жүріп жатқанын айтты. Бұл ақпаратты Батыс аймағының әскери прокуроры Жанболат Аекенов те растады. Бас əскери прокуратураның баспасөз хатшысы Еркін Қожахметов Азаттыққа бұл оқиғаға қатысты ресми сауал жолдауды сұрады.

Жергілікті ақпарат құралдарының қарашаның 13-і күні Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға 10 қараша күні Қазақстан-Ресей шекарасында болған.

ҰҚК ақпаратына қарағанда, Құрманғазы ауданындағы "Сазды" шекара бекетіне жақын елді мекен тұрғынынан "мемлекеттік шекараға жақын аумақта күдікті адамның жүргені туралы" ақпарат түскен. Бұдан соң айтылған орынға шекара жасағы барған.

ҰҚК шекара қызметінің мәліметінше, белгісіз адам шекара жасағы арқасына асып алған сөмкесінде не барын көрсет деп талап еткен соң оған пышақпен шабуылдап, жараланған. "Шекара жасағы өзін-өзі қорғау және шабуылдаған адамды ұстау үшін қарудан оқ атқан" деп хабарлады шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Шекарашылар ұсталған күдіктіні тексерген соң Құрманғазы аудандық ауруханасына алып барған. ҰҚК ақпаратына қарағанда, жараланған офицер сол аймаққа жақын Астрахань облысының Красный Яр кентіндегі ауруханаға жеткізілген. Қазір ол хирургия бөлімінде жатыр, дәрігерлер жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр.

Бұл оқиға бойынша қазір тергеу шаралары басталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG