Accessibility links

585 млрд теңге бюджет қаржысын игеруде заң бұзылған


Көрнекі сурет.

Мемлекеттік аудит кезінде бюджеттің 585 миллиард теңге қаржысын игеруде заң бұзылғаны анықталды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы 13 қарашада үкімет жиынында қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, 152 миллиард теңгені игеруде қаржылық заң бұзылып, 433 миллиард теңгені игеруде процедуралық заң бұзылған. Смайылов 87 миллиард теңге бюджет қаржысы игерілмей қалғанын айтады. Қаржы игере алмаған мемлекеттік органдар қатарында Қорғаныс министрлігі (32 миллиард теңге), Білім және ғылым министрлігі (9 миллиард), Ұлттық қауіпсіздік комитеті (8 миллиард), Ақпарат және коммуникация министрлігі (6 миллиард), Ішкі істер министрлігі мен Әділет министрлігі (әрқайсысы 5 миллиардтан) бар.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, қаржының игерілмеуіне конкурс процударалары мен келісімді мақұлдаудың тым ұзақтығы, жұмыстың кестеден кешігіп орындалуы себеп болған.

"Қаржы министрлігі сіздің атыңызға бұл органдардың тиісті лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапқа тарту туралы ұсыныс жолдады" деді Смайылов премьер-министрге.

Тексеру қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарына 71 миллиард теңгеге қатысты 567 іс берілген. Қазірге дейін 1918 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа, 638 лауазымды адам әкімшілік жауапқа тартылған.

  • 16x9 Image

    Өркен ЖОЯМЕРГЕН

    Өркен Жоямерген 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің бакалаврын, 2008 жылы магистратурасын тәмамдаған. Қызмет жолын "Алматы Ақшамы" газетінен бастаған. Алматы және Астана қалаларындағы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. Қазір Азаттық Радиосы Астана бюросының жетекшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG