Accessibility links

Назарбаев Астанада Баррозумен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Еурпоа комиссиясының бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозу. Астана, 13 қараша 2018

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Еуропа комиссиясының бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев пен Баррозу бір-біріне Астана мен Брююсельдің "қарым-қатынасын нығайтуға үлес қосқанын" айтты.

"Мен кездескенімізге қуанып отырмын. Сіз Қазақстанды әрқашан қолдап келдіңіз және осының арқасында біздің еліміз бен Еуропа Одағы (ЕО) арасында әріптестік туралы келісімге қол қойылды. Қазір бұл құжат мақұлданып жатыр" деді Назарбаев кездесуде.

Былтыр желтоқсанда Еуропа парламенті Қазақстанмен кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді мақұлдаған. Құжатта бірнеше сала, оның ішінде экономика мен сауда-саттық саласында ынтымақтастық орнату туралы айтылған. Құқық қорғаушылар келісім іске асу үшін Қазақстан елде адам құқығы мен азаматтық еркіндіктерді сақтауы тиіс деп санайды.

Назарбаев пен Баррозу Астана клубының форумы аясында кездесіп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумға ондаған елден саясаткерлер мен түрлі сала өкілдері келді.

Жозе Мануэль Баррозу Еуропа комиссиясын 2004-2014 жылдары басқарған. 2002-2004 жылдары Португалия премьер-министрі болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG