Accessibility links

Түркістан облысында "бала зорламақ болған" күдікті қамалды


Көрнекі сурет.

Түркістан облысы Сайрам ауданында "2009 жылы туған баланы зорламақ болған" күдікті екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Азаттыққа Сайрам аудандық сотының судьясы Дина Тойжанова хабарлады.

Дина Тойжанованың айтуынша, оқиға Ақсукент ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Ішімдік ішкен 43 жастағы жергілікті тұрғын тоғыз жастағы баланы зорламақ болған.

"Күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 24-бабы ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") және 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер") бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі айға қамауға алу туралы санкция берілді" дейді судья.

Дина Тойжанова бұл факт бойынша тергеу амалдары басталғанына байланысты өзге ақпарат айта алмайтынын жеткізді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG