Accessibility links

Түркия соты Wall Street Journal журналисін ақтады


Түркия туы (Көрнекі сурет).
Түркия туы (Көрнекі сурет).

Түркия соты Wall Street Journal журналисі Айла Албайракқа шығарған үкімін жойды. Бұл туралы журналистің өзі Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Айла Албайрак 2017 жылы қазан айында "терроризмді насихаттады" деген айыппен екі жылға сотталған еді. Журналист 2015 жылы Түркияның оңтүстік-шығысындағы күрд топтарының қызметі туралы жазған мақаласынан кейін істі болған.

Албайрак Түркиямен қоса Финляндия азаматтығын алған. Ол істі болмас бұрын АҚШ-қа кетіп қалып, түрмеден аман қалған. Кейін журналист сот үкіміне апелляциялық шағым түсірген. Сот оны осы шағымы бойынша ақтап отыр.

Түркияда 2016 жылы әскери төңкеріс жасау әрекеті басып-жаншылған соң ел президенті Режеп Тайып Ердоған 100-ге жуық газет пен журнал және 30-дан астам телеарнаның қызметіне тыйым салған. Түркияда 2018 жылдың жазындағы есеп бойынша, арасында Еуропа Одағының азаматтары бар, барлығы 140-тан астам журналист түрмеде отырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG