Accessibility links

ЕО Украина шығысында сайлау ұйымдастырғандарға санкция салады


Донецкіде өткен сайлаудың үгіт-насихат баннері. Украина, 7 қараша 2018 жыл.
Донецкіде өткен сайлаудың үгіт-насихат баннері. Украина, 7 қараша 2018 жыл.

Еуропа Одағы (ЕО) Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистер бақылайтын аймақтарда сайлау ұйымдастыруға қатысқан бес адамды санкция тізіміне қосуды қарастырып жатыр. Бұл туралы Азаттыққа ЕО-ның Брюссельдегі дипломатиялық дереккөздері хабарлады.

Санкция салуды ЕО елдерінің сыртқы істер министрлері 19 қарашада Брюссельде өтетін кездесуінде мақұлдамақ. Дереккөздері нақты шешім осы айдың соңында қабылданады деп күтіп отырғанын айтады.

ЕО осы кезге дейін Мәскеудің 2014 жылы Қырым түбегін аннексиялап, ресейшіл сепаратистерді қолдағаны үшін Украина мен Ресейдің 155 азаматы мен 44 заңды тұлғасының активтерін бұғаттап, Еуропаға кіруіне тыйым салған.

Украина, Еуропа Одағы мен АҚШ Украина шығысындағы сепаратистер бақылайтын Донецк және Луганск облыстары аумағында 11 қараша күні өткен аймақ басшыларын сайлауды заңсыз деп атап, оның нәтижелерін мойындамайтынын мәлімдеген.

2014 жылдың көктемінен бері Украина шығысындағы Донецк мен Луганск облыстарының біраз бөлігі ресейшіл сепаратистер қолында тұр. Бұл аймақта Украина үкімет әскері мен сепаратистер арасындағы қақтығыстан 10 мыңнан астам адам қаза тапқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG