Accessibility links

"Әділ сөз" органдардан облыстық газет сайтын бұғаттау себебін сұрады


Тамара калеева, сөз бостандығын қорғайтын "Әділ сөз" ұйымының жетекшісі.
Тамара калеева, сөз бостандығын қорғайтын "Әділ сөз" ұйымының жетекшісі.

Сөз бостандығын қорғайтын "Әділ сөз" ұйымы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) "Мемлекеттік техникалық қызмет" мекемесі, Бас прокуратура мен Ақпарат және коммуникация министрлігінен Қостанай облыстық "Наша Газета" газетінің сайты не себепті бұғатталғанын түсіндіруді сұрады. Бұл туралы 16 қараша күні "Әділ сөз" ұйымы хабарлады.

Ұйым мәліметінше, газеттің интернеттегі ng.kz сайты 15 қарашадан бері ашылмай тұр. "Әділ сөз" аталған ведомстволарға жазған хатында редакция тиісті органдардан бұғаттау себебі туралы ақпарат алмағанын айтқан. Ұйым хатында Қазақстанның байланыс қызметі туралы және БАҚ туралы заңдарында интернет-ресурстарының қандай жағдайда бұғатталатыны айқын көрсетілгенін, ал елде сөз бостандығы мен ақпарат алу және тарату еркіндігі заңмен қорғалғанын айтады.

"Әділ сөз" "Наша Газетаның" аймақтық өзекті мәселелерді көтеріп жүрген, тәуелсіз басылым екенін айтып, Бас прокуратурадан ng.kz сайты заңсыз бұғатталған жағдайда оны қалпына келтіру және азаматтардың ақпарат алу құқығын қорғауын сұрайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG