Accessibility links

Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

16 қарашада Жаңөзен қаласындағы Рахат шағын ауданындағы жер үйлердің бірінде газ жарылып, үш адам ауруханаға түсті.

Бұл туралы Азаттыққа Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз хатшысы Рукия Сычева хабарлады.

Сычаеваның айтуынша, газ жарылысынан үй қирап қалған. Өрт сөндірушілер құлаған үйінді астынан 56 жастағы әйел мен оның 29 жастағы ұлын тауып алған. Кейін 21 жастағы жігіттің де зардап шеккені анықталған. Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасында әйел баласымен бірге жансақтау бөлімінде жатқанын, олардың жағдайы ауыр екенін хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, 21 жастағы жігіт травматологиялық бөлімге жатқызылған, оның жағдайы - бірқалыпты.

Бұған дейін 10 қазанда Жаңаөзендегі жер үйлердің бірінде газ кетіп, 6 және 12 жастағы екі бала қаза тапқан еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG