Accessibility links

Қызылорда өңірінде автобус апатынан 3 адам қаза болған


Қарашаның 16-сы күні Қызылорда қаласынан 130 шақырым қашықта, "Самара - Шымкент" тасжолы бойында екі жолаушы автобусы соқтығысып қалған. Төтенше оқиға Қармақшы ауданы Ақжар ауылының маңында болған деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Апат салдарынан үш адам қаза болған, оның біреуі – бала. Зардап шеккен ондаған адамға Жалағаш пен Қармақшыдағы аудандық ауруханаларда және облыстық медициналық орталықта жәрдем көрсетілген.

"Қазалы - Қызылорда" және "Қызылорда - Қармақшы" бағытындағы екі автобуста 86 адам болған. 74 жолаушыға медициналық көрмек көрсетілді, олардың 29-ы аурухана жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды. Екі адам жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тауып, ауыр жарақат алған бала ауруханада жан тапсырды", - деп хабарлаған бүгін брифингте Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Олжас Искаков.

Оның сөзінше. жергілікті билік жол-көлік апатынан қаза болғандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуге кіріскен.

Полиция жол-көлік оқиғасының себебін анықтап жатыр.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG