Accessibility links

Израильде кезектен тыс парламент сайлауы өтуі мүмкін


Израиль парламенті - Кнессет. 26 қаңтар 2018 жыл.
Израиль парламенті - Кнессет. 26 қаңтар 2018 жыл.

Қарашаның 18-і, жексенбі күні Израильде кезектен тыс Кнессет (парламент) сайлауы өтетіні жариялануы мүмкін деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Жұма күні Израиль премьер-министрі, "Ликуд" партиясының жетекшісі Биньямин Нетаньяху мен ағарту министрі Нафтали Беннеттің кездесуінің қорытындысы бойынша билік коалициясы таратылатыны мәлім болған.

Билік коалициясының тарауына осы аптада Израиль қорғаныс министрі Авигдор Либерманның отставкаға кетуі себеп болған. Палестиналық территорияларға қатысты қатаң ұстанымдағы министр Газа секторындағы ары қарайғы іс-шараларға қатысты үкіметпен келіспей қызметінен кеткен.


Авигдор Либерман "Үйіміз Израиль" партиясын басқарған, ол үкімет құрамынан кеткеннен кейін "Ликуд" партиясының жетекшілігіндегі коалицияға парламенттегі 120 орынның тек 61-і ғана тиесілі болады. Нетаньяху мен Беннеттің жұма күнгі кездесуі кезінде тараптар коалицияны сақтап қалуға мүмкіндік беретін келісімге келе алмаған.

Кезектен тыс парламент сайлауын өткізуді "Кулану" партиясының басшысы Моше Кахлон мен ШАС діни партиясының лидері Арье Дери де қолдайды.

Жоспар бойынша, Израильде кезекті Кнессет сайлауы 2019 жылы өтуі тиіс болатын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG