Accessibility links

БАҚ: Хейли АҚШ вице-президенттігіне ұсынылуы мүмкін


АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен
Никки Хейли. Ақ үй, Вашингтон, 9 қазан 2018 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен Никки Хейли. Ақ үй, Вашингтон, 9 қазан 2018 жыл.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли АҚШ вице-президенттігіне кандидат болуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ президентінің төңірегіндегілерге сілтеме жасап The New York Times хабарлады. Дерек көздерінің сөзінше, президент Дональд Трамп қазіргі вице-президент Майк Пенсті ауыстыруға бейіл.

Басылымның жазуынша, Хейли Трамптың қызы Иванка мен оның жұбайы – Ақ үйдің аға кеңесшісі Джаред Кушнерге жақын адам саналады. Журналистердің пікірінше, Хейли Трампқа 2020 жылғы президент сайлауында жәрдемдесіп, сексизмге қатысты айыптаудан кейін оны қолдайтындар арасында қатары сиреген әйел сайлаушылардың дауысын жинауға көмектесе алады.

Ақ үй өкілі The New York Times басылымымен әңгімеде АҚШ президенті Пенсті толық қолдайды деп айтқан.


Қазанның басында Хейлидің АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі қызметінен отставкаға кететіні туралы ақпарат тараған, бірақ ол қазіргі міндетін жыл соңына дейін атқарады. Трамп Хейлидің болашақта әкімшілікке қайта жұмысқа келуі мүмкін екенін жоққа шығармаған, алайда оның қандай роль атқаратыны туралы ашып айтпаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG