Accessibility links

Трамп "Ресей ісі" жайлы жазбаша жауап әзірлегенін айтты


АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің сайлау штабының Кремльмен ықтимал байланысы туралы іс бойынша сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Вашингтонда журналистермен кездесуде Трамптың өзі мәлімдеді.

Президенттің сөзінше, ол арнайы прокурор Роберт Мюллерге жазбаша жауапты өзі дайындаған. Трамп құжатты жазуға адвокаттарын тартпағанын айтқан. Жазбаша жауаптар арнайы прокурорға әлі жолданбаған.


Роберт Мюллер жетекшілік ететін арнайы комиссия 2016 жылғы АҚШ президенті сайлауы кезінде президенттікке кандидат Дональд Трамптың сайлау штабының Ресей билігімен ықтимал мәмілесі туралы тергеу жүргізіп жатыр. Бұған дейін тергеушілер Трамптан жауап алуға талпыныс жасаған. Бірақ кейін одан жазбаша жауап алуға келіскен.

Мәскеу Трамп штабымен жасырын мәміле туралы айыптауды жоққа шығарады. Трамптың өзі арнайы прокурор Мюллер жүргізіп жатқан тергеуді бірнеше рет "мыстан аулау" деп атаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG