Accessibility links

Калифорниядағы өрт кезінде мыңнан аса адам жоғалған


Парадайс қаласындағы өртенген үйдің орны. Калифорния штаты, АҚШ, 15 қараша 2018 жыл.
Парадайс қаласындағы өртенген үйдің орны. Калифорния штаты, АҚШ, 15 қараша 2018 жыл.

АҚШ-тың Калифорния штатында қарашаның басынан бері жалғасып жатқан өрт салдарынан жоғалғандар санатындағы адам саны мыңнан асқан. Бұл туралы округ шерифі Бьют Кори Хониге сілтеме жасап Los Angeles Times хабарлады.

Билік әртүрлі дерек көздерінен мәліметтер жинағаннан кейін жоғалып кеткен адам саны 631-ден 1011-ге дейін көбейген. Алайда тізімдегі ақпарат анық емес болуы немесе аты-жөндері қайталанып берілуі мүмкін деп жазады ВВС.


Қарашадағы өрт салдарынан құрбан болғандар саны Калифорния тарихындағы бұрын-соңды болмаған шамаға жеткен. Соңғы мәлімет бойынша, қаза болғандардың жалпы саны 71 адам. Жүздеген шаршы километр аумақтағы орман жанып кеткен, ұлттық саябақтар мен қорықтардың елеулі бөлігі жойылған, мыңдаған тұрғын көшірілген. Өрт Калифорнияның солтүстігіндегі Парадайс қаласын түгелдей жойған.

Штат билігі өртті сөндіруге үш апта уақыт қажет болуы мүмкін деген болжам айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG