Accessibility links

Грозныйда белгісіз әйел өзін жарып жіберген


Шешенстандық күштік құрылым қызметкерлері. (Көрнекі сурет.)
Шешенстандық күштік құрылым қызметкерлері. (Көрнекі сурет.)

Шешенстанда Грозный қаласының Старопромысл ауданындағы бақылау-өткізу бекетінде белгісіз әйел өзін жарып жіберген. Бұл туралы журналистерге Шешенстан бойынша ішкі істер министрі міндетін уақытша атқарушы Апти Алаудинов хабарлаған.

Оның сөзінше, қарашаның 17-і күні сағат 16:00 шамасында полицияның №21 федералдық бекетіне таяу келген әйел адамды байқаған құқық қызметкерлері одан тоқтап, құжаттарын көрсетуді сұраған деп хабарлайды РИА Новости.


Бұйрыққа бағынбаған әйел бекетке жақын барған кезде құқық қызметкерлері оның денесінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғыға ұқсас зат барын байқап, ескерту жасап оқ атқан. Сол сәтте әйел өзін жарып жіберген.

Жанкештіден басқа ешкім зардап шекпеген.

Шешенстан ішкі істер министрлігі "360" телеарнасына күдікті әйел экстремизмге қарсы күрес жөніндегі дағыстандық орталықтың бақылауында болған деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG