Accessibility links

"Қайрат" футзалдан чемпиондар лигасы финалына шықты


Футзал матчы. (Көрнекі сурет.)
Футзал матчы. (Көрнекі сурет.)

Футзалдан чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде D тобындағы шешуші ойында Алматының «Қайрат» командасы Чехияның «Хрудим» клубын 4:2 есебімен жеңген соң финалға өтті деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Финалдық ойындар төрт топтан үздік шыққан командалар арасында алдағы жылы сәуір айында өтеді.

Алматылық команда осымен сегізінші рет футзалдан чемпиондар лигасының финалына шығып отыр. Бұған дейін «Қайрат» 2012-2013 және 2014-2015 жылдары чемпиондар лигасында бәсекелестерін ұтып, УЕФА Кубогын екі мәрте иеленген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG