Accessibility links

Си Цзиньпин: "Бір белдеу - бір жол" бағдарламасының геосаяси мақсаты жоқ


Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымы елдерінің саммитыне қатысып жатқан басшылар. Папуа - Жаңа Гвинея, 17 қараша 2018 жыл.
Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымы елдерінің саммитыне қатысып жатқан басшылар. Папуа - Жаңа Гвинея, 17 қараша 2018 жыл.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин Пекиннің Оңтүстік-Шығыс Азия, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Еуропа және Африкамен байланысты нығайтуға бағытталған "Бір белдеу - бір жол" бағдарламасының "ешқандай геосаяси мақсаты жоғын" мәлімдеді. Бұл туралы ол Папуа - Жаңа Гвинея астанасы Морсбиде өткен Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық саммитінде айтты. Оның сөзінше, бағдарлама кейбіреулер айтатындай "қарызға батыратын қақпан емес".

Ал АҚШ вице-президенті Майк Пенс саммитте Вашингтонның Үнді-Тынық мұхиты аймағы елдерімен қарым-қатынаста әріптестік саясатын ұстанатынын мәлімдеді. Ол Азия-Тынық мұхиты ынтымақтастық елдерін "мемлекеттік егемендігіне қауіп төнетінін" ескертіп, сырттан мойынға қарыз ілетіндей міндеттеме алмауға шақырды.

Батыстық БАҚ-тың хабарлауынша, Вашингтон мен Пекин аймақтық дамуға қатысты екі түрлі ұстанымда екенін байқатты. Азия-Тынық мұхиты елдерінің саммитінде қорытынды құжатқа қол қойылмай қалуы осымен байланысты болуы мүмкін.

Саммит аясында Майк Пенс Австралия премьер-министрі Скотт Моррисонмен кездесті. Қос саясаткер де Папуа - Жаңа Гвинеяға Манус аралының шығыс жағалауындағы әскери-теңіз базасын модернизациялауда көмектесуге дайын екенін білдірді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG