Accessibility links

Әзербайжанда оппозициялық ұйым жетекшісі ұсталды


Әли Керимли, оппозициялық Әзербайжан ұлттық майданы қозғалысының жетекшісі.
Әли Керимли, оппозициялық Әзербайжан ұлттық майданы қозғалысының жетекшісі.

Бакуде Ұлттық жаңғыру күніне орай өткен шеруде оппозициялық Әзербайжан халықтық майданы қозғалысының жетекшісі Әли Керимли мен оннан астам адам ұсталды. "Эхо Кавказа" сайтының мәліметінше, олар бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды деп айыпталған. Әзербайжандық Turan ақпараттық сайты Керимли мен тағы бірнеше белсендіні қайда ұстап отырғаны белгісіз екенін хабарлады.

17 қарашада өткен акцияда барлығы 52 белсенді ұсталған. Олардың көбіне ескерту жасап, босатылған.

Тұтқындаудан соң ондаған адам биліктің әрекетіне наразылық танытып, полиция ғимараты алдына жиналды. Белсенділердің сөзінше, полицейлер адамдарды автобусқа отырғызып, белгісіз жаққа алып кеткен. Кейін бірнешеуін акция өтетін жерден басқа жаққа апарып тастаған. Алайда, белсенділер митингіге қайтып келіп алған.

Құқық қорғаушылар Әзербайжанда оппозициялық белсенділер мен БАҚ өкілдерінің жиі қудаланатынан айтады. Халықаралық "Шекарасыз тілшілер" ұйымының таяуда жариялаған баспасөз еркіндігі жөніндегі рейтингінде Әзербайжан 180 елдің ішінен 163-орынды иеленген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG