Accessibility links

Ұлыбритания мен Иран министрлері ядролық келісімді талқылайды


Джереми Хант, Ұлыбритания сыртқы істер министрі.
Джереми Хант, Ұлыбритания сыртқы істер министрі.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Джереми Хант 19 қраша күні Иранға сапарлап барады. Хант сапары барысында Тегеран мен әлемдік державалар арасында жасалған ядролық келісім жайын талқыламақ.

Джереми Хант - АҚШ тамызда Тегеранмен жасалған келісімнен шығып кеткен соң Иранға баратын Батыс елінің алғашқы сыртқы істер министрі.

БҰҰ-ның атом энергиясы жөніндегі агенттігі (МАГАТЭ) өткен аптада жасаған соңғы есебінде Тегеран 2015 жылы жасасқан ядролық келісімін тіпті одан АҚШ шығып кетіп, Иранға санкция салғанына қарамастан сақтап жүргенін мәлімдеген.

Джереми Хант сапары қарсаңында жасаған мәлімдемесінде ядролық келісімнің "Таяу Шығыстағы тұрақтылық үшін маңызды болғанын" және Ұлыбритания келісім талаптарын Иран оны бұзбайынша сақтай беретінін айтқан.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі Хант Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зарифпен кездесіп, Еуропаның Иранға салынған санкцияны жеңілдетудегі шараларын талқылайтынын хабарлады.

Бірақ Хант Иран АҚШ президенті әкімшілігі айтқан ядролық және зымыран бағдарламасын дамыту және Таяу Шығыстағы экстремистік топтарды қолдау сияқты "зымияндық әрекеттерін" тоқтатуы керегін еске салған.

"Алайда, егер біз аймақ тап болған проблемаларды түбірімен шешеміз десек, онда Иран аймақтағы тұрақтылыққа сызат түсіретін әрекеттерін тоқтатуы керек" деген Хант мәлімдемесінде.

5 қарашада АҚШ-тың Иранның қаржы, энергетика секторлары мен кеме жасау және кеме қатынасы салаларына салған санкциясы күшіне енді. Президент Дональд Трамптың әкімшілігі 2015 жылы Иранмен жасалған ядролық келісімнен соң жойылған барлық шектеу шараларын қалпына келтірді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG