Accessibility links

Қырғызстан депутаты парламентте елдегі жағдайды талқылауды ұсынды


Алмамбет Шыкмаматов, Қырғызстан парламентіндегі "Ата Мекен" фракциясының жетекшісі.
Алмамбет Шыкмаматов, Қырғызстан парламентіндегі "Ата Мекен" фракциясының жетекшісі.

Қырғызстан парламентіндегі "Ата Мекен" фракциясы Жогорку Кеңеште елдегі жағдайды талқылауды ұсынды. Бұл жайында Азаттықтың Қырғыз қызметіне фракция жетекшісі Алмамбет Шыкмаматов хабарлады. Оның сөзінше, соңғы күндері болған оқиғалар - былтырғы президент сайлауына қатысты кейбір материалдардың жариялануы, ресейлік кәсіпкер Леонид Маевскийдің ұсталуы қоғамда үлкен резонанс пен талқы тудырып отыр. Былтыр Маевскийдің куәлігі бойынша саясаткерлер Омурбек Текебаев пен Дуйшенкул Чотонов істі болып, сотталған.

"Бұдан өзге, қоғамда саяси тұтқындар мен басқа да мәселелерге қатысты шиеленіс бар. Мұның барлығын парламентте талқылау керек" деді Алмамбет Шыкмаматов.

Оның сөзіне қарағанда, бұл ұсыныс 21 қараша күні Жогорку Кеңештің отырысында талқыланады.

Ресей Мемлекеттік думасының бұрынғы депутаты Дмитрий Маевский "Ата Мекен" фракциясының бұрынғы басшысы Омурбек Текебаев пен оның партияласы Дуйшенкул Чотоновтың сотында басты куәгер болған. Маевский енді қаралайтын материалды таратпауы үшін 37,5 миллион доллар қаржы бопсалады деген күдікке ілініп отыр. "Интерфакс" агенттігі мен ресейлік басқа да БАҚ-тың хабарлауынша, Маевскийді 16 қараша күні Мскеудің Тверь аудандық соты 2019 жылдың 14 қаңтарына дейін қамауға алған.

Осыған байланысты "Ата Мекен" партиясының мүшелері Омурбек Текебаев пен Дуйшенкул Чотоновтың ісін қайта қарау мәселесін қозғап жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG