Accessibility links

Петропавлда нан қымбаттады


Петропавл дүкендерінің біріндегі нан бағасы. 19 қараша 2018 жыл.
Петропавл дүкендерінің біріндегі нан бағасы. 19 қараша 2018 жыл.

Петропавлда бір бөлке нанның бағасы екі айда шамамен 15 пайызға дейін қымбаттады. Бұрын қалада 80 теңге тұрған нан қазір 90-95 теңгеден сатылып жатыр.

Жергілікті билік нанның қымбаттауын шығынның көбеюімен байланыстырып отыр.

- Кәсіпорын дизельмен жұмыс істейді. Дизель өткен жылмен салыстырғанда қымбаттады. Сонымен қатар, коммуналдық қызметтер, су, кәріз қызметі де қымбаттап отыр. Негізі, 2016 жылдан бері нан, тоқаш өнімдерінің бағасы көтерілмеген, - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық сауданы дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Нұрқанов.

Осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысында дизель бағасы бір айда 20 пайызға өсіп, салдарынан жем-шөп бағасы қымбаттаған еді. Жанармайдың қымбаттауы енді нан бағасына да әсер еткен.

Петропавлда нан бағасы соңғы рет 2016 жылы қымбаттаған. Биыл бөлке бағасы бір жыл ішінде қазан және қараша айында екі рет көтерілді.

Қазанның соңында мәжіліс жиынында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов кәсіпкерлер мен өндірушілерді әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын қымбаттатпауға шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG