Accessibility links

Медиа құрылтайда әлеуметтік желінің бұғатталатыны айтылды


Қазақстандағы БАҚ нарығын дамытуға арналған жыл сайынғы 11-медиа құрылтай. Алматы, 21 қараша 2018 жыл.
Қазақстандағы БАҚ нарығын дамытуға арналған жыл сайынғы 11-медиа құрылтай. Алматы, 21 қараша 2018 жыл.

Алматыда қазақстандағы БАҚ нарығын дамытуға арналған жыл сайынғы медиа құрылтай өтіп жатыр. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, құрылтайда Қазақстандағы ақпарат құралдарының иелері, басшылары мен бас редакторлары, сарапшылар, журналистер мен саясаттанушылар медиа нарығын дамытуғк қатысты мәселелерді талқылап жатыр.

Құрылтайда сөйлеген Айдос Сарым Қазақстанда көп телеарна Қазақстан заңдарымен жұмыс істегенімен, "тіл туралы ережелерді сақтамайтынын" айтты. Ол сонымен қатар оппозициялық саясаткер, шетелде қуғында жүрген Мұхтар Әблязов әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирге шыққан уақытта мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің ашылмай қалатынын жеткізді.

Қазақстан журналистика академиясының президенті Сағынбай Қозыбаевтың пікірінше, интернетті бақылаған "дұрыс", себебі интернетте "қажетсіз нәрселер" салынады.

Құрылтайда сөйлеген медиа мамандары теледидар көрермендері азайғанын, оны көбейту үшін бағдарламалардың сапасын арттырып, қазақ тіліндегі контент санын көбейту керегін айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG