Accessibility links

Оңтүстік Корея өкілі Интерпол басшысы болып сайланды


Ким Чен Ян, Интерполдың жаңа сайланған президенті.
Ким Чен Ян, Интерполдың жаңа сайланған президенті.

Интерполдың Дубайда өткен конференциясында ұйым президенті болып Оңтүстік Корея өкілі Ким Чен Ян сайланды. Ким Чен Янды Интерпол бас ассамблеясының 98 мүшесі қолдады. Екінші кандидат - Ресей генералы Александр Прокопчук 64 дауыс алды.

Ким Чен Ян сайланғанға дейін Инторпол президентінің міндетін уақытша атқарған. Интерполдың бұған дейінгі басшысы Мэн Хунвэй қыркүйекте ұсталып, сыбайлас жемқорлық айыбы тағылған.

Халықаралық БАҚ-та соңғы уақытта Мәскеудің Ресей генералы, Интерполдың төрт вице-президентінің бірі Александр Прокопчуктің сайлануына ықпал етпек болып жатқаны туралы хабарлана бастаған. Мәскеу Кремль Прокопчуктың Интерпол басшысы болып сайланғанын қолдайтынын ресми түрде мәлімдеген.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 20 қарашада Вашингтон Ким Чен Янның Интерпол президенті болғанын қолдайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG