Accessibility links

Ирандық белгілі құқық қорғаушы бостандыққа шықты


Абдулфаттах Солтани, ирандық құқық қорғаушы.
Абдулфаттах Солтани, ирандық құқық қорғаушы.

Ирандық белгілі құқық қорғаушы әрі адвокат, жеті жыл түрмеде отырған Абдулфаттах Солтани бостандыққа шықты. Ирандық жартылай ресми ISNA ақпарат агенттігінің 21 қараша күні хабарлауынша, Солтаниді Иранның революциялық соты босатқан.

"Билік кеше қорғауымдағы адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға келісіп, бүгін оны босатты" деді Солтанидің адвокаты Саид Деган IRNA агенттігіне.

Солтанидің босатылғаны туралы ақпаратты оның туыстарынан, я әріптестерінен растау мүмкін болмай тұр. Иран заңы бойынша, сотталғандар жаза мерзімінің жартысын өтеген соң өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш білдіре алады.

Бебітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Ширин Эбадимен бірге Құқық қорғау орталығын (DHRC) құрған Абдулфаттах Солтани 2011 жылы қыркүйекте тұтқындалып, кейін "үкіметке қарсы үгіт-насихат жүргізді" және заңсыз оппозициялық топ құрды" деген айыптармен 13 жылға сотталған. Иран билігі кейін Құқық қорғау орталығына тыйым салған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG