Accessibility links

АҚШ әскерилеріне мигранттарға күш қолдануға рұқсат берілді


Орталық Америка елдерінен АҚШ-қа ағылып келе жатқан мигранттар легі
Орталық Америка елдерінен АҚШ-қа ағылып келе жатқан мигранттар легі

АҚШ-тың Мексикамен шекарада орналасқан әскерилеріне кеден қызметкерлері немесе шекарашылардың өміріне қауіп төнсе я тәртіпсіздік болса мигранттарды қару қолданып тоқтатуға рұқсат берілді. Бұл туралы АҚШ қорғаныс министрі Джим Мэттис мәлімдеді.

Ол жағдай шиеленіскен кезде санаулы минуттарда шешім қабылдау қажет болатындықтан әскерилерге қару қолдануға алдын ала рұқсат берілгенін айтты. АҚШ заңдарында бейбіт кезде армияға полицияның құзыретін беруге тыйым салынған.

АҚШ-тың оңтүстік шекарасына Латын Америкасынан мигранттар ағылып келе жатыр. Олар АҚШ-та паналап қалғысы келеді. АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін мигранттар арасында "баскесерлер" барын мәлімдеп, шекараға алты мыңға таяу әскери қызметкер жіберген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG