Accessibility links

Калифорниядағы өрт құрбандары 83 адамға жетті


Парадайс қаласындағы өртенген үйдің орны. Калифорния штаты, АҚШ, 15 қараша 2018 жыл.
Парадайс қаласындағы өртенген үйдің орны. Калифорния штаты, АҚШ, 15 қараша 2018 жыл.

АҚШ-тың Калифорния штатындағы өрт құрбандары саны 83 адамға жетіп, 560 адам із-түзсіз жоғалғандар тізіміне алынды. Жергілікті билік бұл тізімдегілердің көпшілігі тірі болуы мүмкін екенін, олар жоғалғандар қатарында екенін білмеуі ықтималдығын айтады.

Калифорнияда орманнан шыққан өртті сөндіре алмай жатқанына екі аптадан асты. Өрттен 200 мың адам басқа жаққа көшіріліп, 14 мыңға тарта үй өртеніп кетті. Кеше Калифорнияның солтүстігінде бірнеше айдан бері алғаш рет жаңбыр жауды. Жаңбыр төтенше жағдай қызметкерлерінің өртті сөндіруіне аз да болса сеп болды. Алайда, енді із-түзсіз жоғалғандарды іздеп жатқан құтқарушыларға қауіп төніп отыр.

Штаттың кейбір округтерінде төтенше жағдай жарияланған. АҚШ билігі мұны елде соңғы жүз жылдағы адам ең көп қаза тапқан ірі өрт деп бағалап отыр.

Бұған дейін жергілікті билік өрт үш аптада сөндірілуі мүмкін екенін хабарлаған. 12 қарашада АҚШ президенті Дональд Трамп Калифорнияны ең ірі табиғи апат аймағы деп жариялаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG