Accessibility links

Өзбекстан құқық қорғау ұйымдарымен диалог орнатқысы келеді


Шавкат Мирзияев, Өзбекстан президенті.

Өзбекстан адам құқықтарын қорғайтын халықаралық институттармен әріптестік орнатқысы келеді. Бұл жайында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Самарқанда өткен Азия форумында мәлімдеді.

"Біздің басты міндетіміз – адамның негізгі құқықтары мен мүдделерін қорғау және оны іске асыруға жан-жақты қолдау көрсету. Бейбітшілік, тұрақтылық пен игіліктің баянды болуы осыларға байланысты" деді Шавкат Мирзияев.

Өзбекстан президенті 70 жыл бұрын қабылданған Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларация әлемдегі демократиялық ұстанымдар мен гуманизмнің кең таралуына жаңа мүмкіндіктер ашқанын айтты. Бірақ ол бұл процестің еркін жүруіне кедергілер барын да жеткізді.

"Ең алдымен Оңтүстік Шығыс Азиядан Таяу Шығысқа дейінгі кеңістіктегі қарулы қақтығыстар, сенімнің жоғалуы, этникалық және діни алауыздықтар тұрақты дамуға кедергі келтіріп жатыр" деп мәлімдеді Мирзияев.

Адам құқықтары жөніндегі Азия форумы бірінші рет өтіп жатыр. Самарқанда форум өткізуді Шавкат Мирзияев биыл мамырда АҚШ-қа барғанында айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG