Accessibility links

Министрлік Алматы маңында оталған шырша жайын түсіндірді


Бутаковка шатқалындағы кесілген шыршалар. Алматы, 23 қараша 2018 жыл.
Бутаковка шатқалындағы кесілген шыршалар. Алматы, 23 қараша 2018 жыл.

Алматының жоғары жағындағы Бутаковка шатқалында "ауырып, қураған" шыршаларды кесіп жатыр. Бұл туралы Азаттыққа Ауылшаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады.

Азаттық тілшісі Бутаковка шатқалында қарашаның 23-і күні шыршалардың оталып жатқанын байқады. Комитет баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің Азаттыққа айтуынша, 2014 жылы шатқалда орман орналастыру жұмыстары (орман топырағы мен климатын зерттеу, ағаштардың жай-күйі мен неден ауырғанын талдау, қандай ағаш егуге болатынын анықтау сияқты жұмыстар) жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша, Бутаковка шатқалының Каменский орман шаруашылығы Медеу филиалына қарасты 44, 46, 47 және 48 кварталдарындағы 8,5 гектар аумақта ауырып, қураған шыршаны отауға шешім қабылданған. Бірақ 2016 жылы Бутаковка шатқалында санитарлық мақсатта ағаш кесуге мораторий жарияланып, 2018 жылы сәуірде орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы ол мораторийдің күшін жойған. Осыған байланысты биыл 8 қарашада шатқалда "ауырып, қураған" шыршаларды отау басталған.

Сәкен Ділдахмет кесілген шыршалардың орнында алдымен орман орналастыру жұмыстары жүргізіліп, содан кейін ғана ағаш егілетінін айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG