Accessibility links

Алматыдан 632 шақырымда жер сілкінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін түнде Астана уақытымен сағат 2:41 кезінде Алматыдан шығысқа қарай 632 километр қашықта 4,7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, жердің 10 километр терең қабатында болған деп хабарланды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.6.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG