Ресейлік "Российские железные дороги" (РДЖ) компаниясының бұрынғы басшысы Владимир Якунин "Новая газета" басылымын және оның екі журналисі - Андрей Сухотин мен Ирек Муртазинді сотқа берген. Арыз иесі басылымда жарияланған екі мақала өзінің іскерлік беделіне нұқсан келтіргенін айтып, соттан жауапкерлерден бес миллион рубль өндіртіп беруді сұрайды. Бұл туралы Якуниннің өкілі Григорий Левченкоға сілтеме жасап РБК хабарлады.
Левченко бұған дейін "Новая газета" әлгі екі мақалада айтылғандарды бір айдың ішінде жоққа шығару туралы қойған талапты елеусіз қалдырғанын айтқан. Оның сөзінше, Якунин басылымнан өндіріп алуды талап етіп отырған ақша журналистика мен қайырымдылық жобаларын қолдауға жұмсалатын болады.
"Новая газета" редакциясы басылымға қарсы талап арыз туралы әлі ештеңе білмейтіндерін мәлімдеді деп хабарлады РБК.
Бұған дейін Левченко РЖД экс-басшысы Якуниннің Ирек Муртазиннен Мәскеу түбінде өлтірілген тергеуші Евгения Шишкинаның қазасы РЖД компаниясындағы электрондық билет сату жүйесіндегі жемқорлықты тергеумен байланысты болуы мүмкін екені туралы мақаласы үшін кешірім сұрауды талап еткенін мәлімдеген.
ПІКІРЛЕР