Accessibility links

Украин журналисі Савчуктің Ресейге кіруіне тыйым салған


Украиналық журналист Алена Савчук (сол жақта отыр).
Украиналық журналист Алена Савчук (сол жақта отыр).

Азаттықтың Крым.Реалии жобасымен және украиналық басқа да басылымдармен әріптестік орнатқан украиналық журналист Алена Савчуктің Ресей жеріне кіруіне 10 жылға тыйым салынған. Украинаның Херсон облысынан Қырымға кірмекші болған журналист өзіне тыйым салынғаны туралы Новоалексеевка бақылау-өткізу бекетінде ресейлік шекарашылардан естіген.

Савчуктың айтуынша, шекарашылар оған тыйым салудың себебі жайлы ештеңе айта алмаған, тек "Ресей Федерациясына кіру және шығау тәртібі туралы" заңның 27-бабының 1-бөлігіндегі 1-тармаққа сілтеме жасаған. Онда: "...егер бұл мемлекеттің қорғанысы қабілетін немесе қауіпсіздігін я қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету болмаса тұрғындардың денсаулығын қорғау үшін қажет болса, шетелдік азаматқа немесе азаматтығы жоқ тұлғаға Ресей Федерциясына кіруге тыйым салынады" делінген.

Савчук бірнеше жылдан бері Қырым татарларының атамекенінде қуғын-сүргінге ұшырауы, саяси астары бар сот процестері туралы баспасөзде материалдар жариялап келген.

Журналист тыйымға қарсы шағым беру туралы шешімді адвокатымен кеңескен соң қабылдайтынын айтқан.


2018 жылы ақпанда постсоветтік елдерде адам құқықтарының бұзылатыны туралы жазатын ағылшын журналист-фрилансері Маделайн Роучті Қырымнан мәжбүрлеп шығарып жіберген. Симферополь аудандық соты оны Ресей сыртқы істер министрлігінің тиісті аккредитациясынсыз Қырым аумағында журналистік қызметпен заңсыз айналысқан және медициналық сақтандыруы жоқ деп айыптап, Роучке айыппұл салған.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен Батыс елдері Қырымдағы ресейлік билік органдары журналистер қызметіне бөгет жасайтыны туралы бірнеше рет мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG