Accessibility links

Ауғанстан: ИМ тобы мешіттегі терактіге жауапкершілікті алды


Мешіттегі жарылыстан зардап шеккендерге дәрігерлер көмек көрсетіп жатыр. Хост уәлаяты, Ауғанстан, 23 қараша 2018 жыл.
Мешіттегі жарылыстан зардап шеккендерге дәрігерлер көмек көрсетіп жатыр. Хост уәлаяты, Ауғанстан, 23 қараша 2018 жыл.

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы Ауғанстанның Хост уәлаятындағы әскери базада қарашаның 23-інде жасалған террорлық шабуылға жауапкершілікті алатынын мәлімдеген. Жұма намазы кезінде адам толы мешітте жанкешті өзін жарып, ондаған адам қаза тапқан.

Кей ақпарат агенттіктері ауған шенеуніктерінің сөзіне сілтеме жасап, терактіден 26 адам мерт болып, 50-ден астамы жараланған деп хабарлады.

ИМ тобына жақын Amaq веб-сайтында қарашаның 24-і күні жарияланған мәлімдемеде мешіттегі жарылыстан "50-ге жуық" ауған сарбазы өліп, 110 адамның жараланғаны айтылған.


Ауғанстан президенті Ашраф Ғани "исламға қарсы және адамгершілікке жат" шабуылды айыптаған. Ғани шабуылды тезірек тексеруге шақырып, әскери базадағы қауіпсіздік шаралары қалайша сақталмағанын білгісі келетінін, бұған жауаптыларға шара қолданылатынын айтқан.

Бұған дейін, қарашаның 20-сы күні Ауғанстан астанасында дін ғалымдары жиналған жерде жанкешті жасаған жарылыстан кемінде 50 адам қаза тауып, 80-нен астам кісі жараланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG