Accessibility links

Сирияда Алеппо маңында жағдай ушығып кеткен


Сириядағы қарулы оппозиция өкілдері. Алеппо, 14 қазан 2018 жыл.
Сириядағы қарулы оппозиция өкілдері. Алеппо, 14 қазан 2018 жыл.

Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласы ауданында қарашаның 24-і күні ахуал ушығып кеткен. Ұлыбританияда орналасқан сириялық адам құқығын бақылау орталығының мәліметі бойынша, үкімет әскері мен қарулы оппозициялық топтар бір-біріне соққы берген, қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Бұған дейін Алеппода үкімет әскері бақылауындағы тұрғын кварталдарды қарудан атқылағаны туралы сириялық мемлекеттік басылымдар мен ресейлік әскерилер мәлімдеген. Олардың сөзінше, 70-тен астам адам зардап шеккен, олардың көбінде хлормен уланғанға ұқсас белгілер байқалған.


Сириялық адам құқығын бақылау орталығының хабарлауынша, Алеппоны атқылаған кезде кемінде 32 бейбіт тұрғын зардап шеккен. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, Алепподан солтүстіктегі Идлиб провинциясында үкімет күштерінің көтерілісшілер позицияларын атқылауы салдарынан кемінде 9 бейбіт тұрғын мерт болған, арасында балалар бар.

БҰҰ дерегінше, Сириядағы соғыс барысында бірнеше мәрте химиялық қару қолданылған. Бірақ, солардың көпшілігінде, сарапшылар анықтағандай, қаруды президент Башар Асадтың әскері қолданған.

Қыркүйекте Ресей мен Түркия Сирияның Алеппо және Идлиб провинцияларында үкімет қадағалайтын аудандар мен қарулы оппозиция бақылауындағы территориялар арасында қауіпсіз аймақ құру туралы келіскен. Бірақ бұл келісім әлі күнде толығымен орандалған жоқ, екі тарап түйісетін сызық бойында қақтығыстар жиі болып тұрады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG