Accessibility links

Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов бесінші рет жеңіске жетті


Данияр Елеусінов. (Мұрағаттағы сурет.)
Данияр Елеусінов. (Мұрағаттағы сурет.)

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2 КО) кәсіпқой рингтегі бесінші кездесуінде жеңіске жетті деп хабарлайды vesti.kz сайты.

Монакода өткен жекпе-жекте Данияр Елеусінов никарагуалық спортшы Маркос Мохикамен (16-2-2, 12 КО) күш сынасты.

Сегіз раундқа жоспарланған кездесудің екінші раундында Елеусіновтің соққыларынан бәсекелесі екі мәрте нокдаун алды. Үшінші раундта 33 жастағы Мохика тағы бір нокдаун алған соң көп ұзамай рефери жекпе-жекті тоқтатып, қазақстандық боксшы жеңіске ие болды.

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен олимпиада чемпионы 27 жастағы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін биыл сәуірдің соңында өткізген. Содан бері ол бес рет рингте бәсекелестерімен кездесіп, барлығында жеңіске жеткен, үшеуінде нокаутпен ұтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG