Accessibility links

Еуроодақ басшылары Брекзит келісімін мақұлдауға жиналды


Тереза Мэй (сол жақта) және Жан-Клод Юнкер. Брюссель, 18 қазан 2018 жыл.
Тереза Мэй (сол жақта) және Жан-Клод Юнкер. Брюссель, 18 қазан 2018 жыл.

Брюссельде Еуропа Одағына мүше 28 елдің жетекшілерінің кездесуі өтіп жатыр. Жиында одақ құрамынан Ұлыбританияның шығуы туралы келісім жобасы мақұлдануы мүмкін.

Осының қарсаңында Испания Гибралтар проблемасы туралы Лондонмен келіссөзді Брекзиттен кейін жалғастыруға кепілдік алған соң келісім жобасын қолдауға келіскеннен кейін осы құжаттың жолындағы соңғы бөгет алынған.

Саммит басталар алдында Еуропа Одағы лидерлері бүгін "мұңлы" және тіпті "қайғылы" күн деген, бірақ соған қоса Лондонмен арадағы бұл келісім – мүмкін болатындардың ішіндегі ең үздігі деп мәлімдеген. Осыған ұқсас пікірді Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер мен Франция президенті Эммануэль Макрон айтқан. Юнкер Ұлыбритания парламенті келісімді мақұлдайды деп үміттенетінін жеткізген.


Келісімнің күшіне енуіне басты бөгет британ парламентінде алдан шығуы мүмкін – өзгені қойғанда, тіпті премьер-министр Тереза Мэйдің Консервативтік партиясының бірнеше депутаты бұл келісімге қарсы дауыс бермек ниетте.

Премьер Мэйдің өзі Брюссельге аттанар алдында жазған ашық хатында британдықтардан келісімді қолдауларын сұраған.

585 беттен тұратын құжатта Брекзиттен кейін Ұлыбритания мен Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынастың принциптері жазылған. Құжатты сынаушылар келісім шарты бойынша Британия Еуроодақ мүшесі болмаса да оның бірқатар ережелеріне бағынуға тиіс болғандықтан, "вассал" мемлекеттің кейпіне түседі дейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG