Accessibility links

ГКЧП үндеуін оқыған совет дикторы қайтыс болды


ССРО Орталық телеарнасының дикторлары Юрий Ковеленов пен Татьяна Ромашина.
ССРО Орталық телеарнасының дикторлары Юрий Ковеленов пен Татьяна Ромашина.

ССРО Орталық телеарнасының дикторы, "Время" бағдарламасының жүргізушісі Юрий Ковеленов 80 жасында қайтыс болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде эстрада әртісі Ефим Шифрин хабарлады.

Ковеленов Орталық телеарнасына қызметке 1965 жылы келген. Ол мұнда түрлі бағдарламаларды, оның ішінде "Время" бағдарламасын жүргізді. Ол 1991 жылы "тамыз бүлігі" кезінде төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің (ГКЧП) үндеуін оқыған.

1993 жылы қазанда орталық "Останкино" телестудиясын басып алу кезінде Ковеленов кезекші бригада құрамында жұмыс істеген. 1995 жылы Ресей қоғамдық телеарнасы құрылған соң ол телеарнадан кеткен.

1991 жылы 19 тамызда ССРО үкіметі мен КПСС орталық комитетінің кейбір мүшелерінен құралған топ елде төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетін (ГКЧП) құрып, Қырымдағы Форос саяжайында демалып жатқан ССРО президенті Михаил Горбачевті үйқамаққа алды. Сол күні Мәскеуге танкілер енгізіліп, орталық телеарналардан балет көрсетіле бастады. Ресей президенті Борис Ельцин ГКЧП әрекетін "мемлекеттік төңкеріс" және "заңсыз" деп атады. Үш күнге созылған бүлік сәтсіздікке ұшырады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG