Accessibility links

Азаттық жобасы дін тақырыбындағы БАҚ материалы байқауында жүлде алды


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы "Біздің атымыздан емес" жобасының продюсері Жұлдыз Төлеуованы дін саласындағы мәселелерге қатысты үздік шығармалар байқауында марапаттап тұр. Алматы, 27 қараша 2018 жыл.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы "Біздің атымыздан емес" жобасының продюсері Жұлдыз Төлеуованы дін саласындағы мәселелерге қатысты үздік шығармалар байқауында марапаттап тұр. Алматы, 27 қараша 2018 жыл.

Азаттық Радиосының "Біздің атымыздан емес" жобасы дін саласындағы өзекті мәселелерге қатысты үздік шығармалар байқауында "Ең үздік телевизиялық бағдарлама" номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды.

Байқауды Ұлттық журналистік орталығы мен Алматы қалалық прокуратурасы ұйымдастырған.

Байқау "ең үздік әлеуметтік ролик", "ең үздік радиобағдарлама", интернет ресурстарындағы қазақ, орыс тілдеріндегі ең үздік мақала", "мерзімді басылымдардағы қазақ және орыс тілдеріндегі ең үздік мақала", "әлеуметтік желілердегі ең белсенді қолжетімді топ", "ең белсенді блогер" номинациялары бойынша өтті.

Жүлде алған БАҚ арасында КТК, "31 арна" телеарналары, Sputnik Kazakhstan ақпарат агенттігі, мемлекеттік ақпарат құралдары бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау "Қазақстан қоғамында жат діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру", діни экстремизмнің алдын алу, "теріс діни топтардың идеологиясы мен олардың зиянын әшкерелеу", дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру мақсатында өткізіліп отыр. Байқауға 50-ден астам журналистен 120-дан астам публицистикалық материал түскен.

Байқау жеңімпаздарына грамотамен бірге ақшалай жүлде табысталды.

"Біздің атымыздан емес" - Азат Еуропа/Азаттық Радиосы медиакорпорациясының деректі-зерттеу жобасы. Жобада Орталық Азия елдерінің жастары экстремизм мәселелерін талқылайды. Жоба жұмысын бастағалы 10 хабары жарияланды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG