Accessibility links

Парламентке сот жүйесін модернизациялау туралы заң жобасы түсті


Сотта үкім оқып тұрған судья (Көрнекі сурет)
Сотта үкім оқып тұрған судья (Көрнекі сурет)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламент мәжілісіне сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын ұсынды. Бұл туралы қарашаның 28-і күні Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Мәжіліске сонымен қатар сот жүйесін модернизациялау мәселелері бойынша кейбір заң актілерін де өзгерту туралы заң жобасы жолданды.

Ресми ақпарт бойынша, құжаттарда сот жүйесін модернизациялау, сот кадрларын жаңалау және Жоғарғы сот кеңесін нығайтуға бағытталған ұсыныстар бар. Президент енгізген заң жобаларында нақты қандай ұсыныстары бары айтылмады.

Қазақстан Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов бұған дейін елдегі заңгерлер дайындау жүйесін түбегейлі өзгерту керегін мәлімдеген. Донақов елде судьялардың дербестігін күшейту қажетін де айтқан.

"Қазақстанда заңгерлерді дайындау деңгейі төмен деуге болады. Меніңше, Қазақстандағы заң білімін беру беру жүйесін түбірімен реформалау керек. Заң білімін беру жүйесінде тәртіп орнату қажет. Себебі судья болғысы келіп, емтихан тапсыратындардың білім деңгейі өте төмен. Ең алдымен, заң білімін беру жүйесін қатаңдату керек" деген Донақов.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстанда сот жүйесін іс жүзінде тәуелсіз емес, кейбір саяси істерде көп жағдайда біржақты айыптау үкімін шығарады деп сынайды.

Тыңдай отырыңыз: Қазақстан соты әділ ме?

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG