Accessibility links

СІМ: АҚШ-та қазақстандықтарға айып тағылғанын анықтап жатырмыз


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі (СІМ) АҚШ билігі сырттай айып таққан Евгений Тимченко мен Сергей Овсянников Қазақстан азаматы деген ақпаратты тексеріп жатқанын хабарлады. Министрліктің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, ақпаратты Қазақстанның Нью-Йорктегі бас консулдығы анықтап жатыр.

Бұған дейін Нью-Йорк прокуратурасы Қазақстанның екі азаматы мен Ресейдің алты азаматына интернетте алаяқтық жасап, 36 миллион доллар зиян келтірді деп айып таққаны хабарланған. Прокуратураның мәліметінше, бұл іс бойынша қазақстандық Сергей Овсянников пен Евгений Тимченко, ресейлік Александр Жуков, Борис Тимохин, Михаил Андреев, Денис Авдеев, Дмитрий Новиков және Александр Исаев күдікті деп танылған.

Овсянников қазан айында Малайзияда, Тимченко осы айдың басында Эстонияда, ал Жуков Болгарияда ұсталған. Қазір оларды АҚШ-қа экстрадициялау жайы қаралып жатыр. Қалған күдіктілер бостандықта жүр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG