Accessibility links

Назарбаев: Бала асырап алу жөніндегі агенттік құру керек


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда бала асырап алу жөніндегі мемлекеттік емес агенттік құру туралы бастаманы қолдады. Астанада өтіп жатқан сегізінші Азаматтық форумда сөйлеген Назарбаев Қазақстанда балалар үйі мүлдем болмауы керегін, "шетелдіктер асырап алған балалардың өз елін сағынатынын" және "еліне басқа адам болып келетінін" айтты.

"Мүмкіндігі бар адамдар оларды (балаларды - ред.) балалар үйінен асырауға алуы тиіс. Біз агенттік құру туралы идеяны қолдауымыз керек" деді Назарбаев.

Бұдан соң президент білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтен Қазақстанда осы кезге дейін не себепті бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік жоғын сұрады. Сағадиев соңғы үш жылда Қазақстаннан бір де бір бала шетелдіктердің асырауына берілмегенін, агенттік құру идеясына қарсы емесін айтты.

Бұған дейін Азаматтық форумда сөйлеген BI Group компаниясының басшысы Айдын Рақымбаев бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік құруға рұқсат беруді сұраған. Оның айтуынша, қазақстандық бір топ бизнесмен елде балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан бала санын азайту үшін қиын жағдайға тап болған әйелдерге қолдау көрсететін "Аналар үйі" жобасын бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG