Accessibility links

Ресейде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға салық салынады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей президенті Владимир Путин өзін-өзі жұмыспен қамтығандар туралы заңға қол қойды. Заң 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мәскеуде, Мәскеу және Rалуга облыстары мен Татарстанда 10 жыл тәжірибе ретінде қолданысқа енеді.

Заң бойынша, жеке тұлғаларға қызмет жасайтын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға төрт пайыздық салық, ал заңды тұлғаларға қызмет көрсететін өзін-өзі жұмыспен қамтынғандарға алты пайыз көлемінде салық салынады.

Аймақтар жаңа салық режиміне өту-өтпеуді өздері шешеді. Тәжірибе жылдық табысы екі миллион төрт жүз мың рубльден аспайтын адамдарға қолданылады. Жаңа салықты адвокаттар, нотариустар, төрелік сот басқарушылары және акциз салынатын тауар сататындар төлемейді. Олардың қызметін басқа заң реттейді.

Ресейде шамамен 20 миллион адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, яғни, әртүрлі қызмет көрсетіп табыс табатын, бірақ салық төлемейтін азаматтар есебінде тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG