Accessibility links

Шымкент соты экс-тергеушіні 4 жылға соттады


Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық сотының ғимараты.
Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық сотының ғимараты.

Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты қалалық полиция департаментіне қарасты Қаратау аудандық полиция бөлімінің экс-тергеушісі Нұрсұлтан Надырбайды "пара алу бабы" бойынша айыпты деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Сотталушы айыбын мойындамай ақтауды сұраған.

28 қараша күні Азаттыққа комментарий берген қалалық соттың баспасөз хатшысы Қабыл Дүйсенбидің айтуынша, Қаратау аудандық полиция бөлімінің 25 жастағы бұрынғы тергеушісі пара алғаны үшін Қылмыстық Кодекстің 366-бабы бойынша ("пара алу") кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол мемлекеттік ұйымдар мен құқық қорғау органдарында қызмет етуден өмір бойы шеттетілген. Сот отырысында Надырбай "қызметтік өкілетін пайдаланып, 150 мың теңге пара алды" деп айыпталған. Үкім әлі күшіне енбеген.

Экс-тергеуші Нұрсұлтан Надырбай сот тергеуінде тағылған айыпты мойындамай, ақтауды сұраған. 28 мамыр күні Шымкент қалалық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы Қаратау аудандық полиция бөлімінің тергеушісін "пара алу кезінде ұстағанын" хабарлаған. Нұрсұлтан Надырбай өзі тергеп жатқан күдіктінің жазасын жеңілдетуге уәде етіп пара алмақ болды деген күдікке ілінген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG